СҚО-да полиция заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғаларды анықтап жатыр

Фото: Zakon.kz
Республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында басты мақсат — ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тауып, 200 адам түрлі жарақаттар алған. Апаттардың санын азайту мақсатында полиция кешенді шаралар қабылдауда.

Құқық қорғау органдары такси және автобус жүргізушілеріне ерекше назар аударуда. Елді мекендерде және қала сыртындағы жолдарда тосын рейдтер өткізілуде.

Негізгі назар — барлық ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру және алдын алу шараларына бағытталған. Мысалы, Петропавл қаласының Бөкетов көшесінде 35 жастағы Toyota Camry жүргізушісі мобильді қосымша арқылы жолаушы тасымалдап, қажетті тіркеусіз қызмет көрсеткені анықталды.

Оған қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жыл басынан бері осы бап бойынша 60-тан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері бұл шаралардың басты мақсаты — жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету екенін атап өтті. "Қауіпсіз жол" іс-шарасы жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды