"Жаңбыр, дауыл, аптап ыстық". Еліміз бойынша 22 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2025 жылы 22 мамырда, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, циклон ықпалында болатын Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел соғады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.

"Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай өңірінің орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады", - деп ескертеді метеорологтар.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының, Түркістан облысының солтүстігі, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай өңірінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері сәрсенбіде еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты