Сәрсенбіде елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сәрсенбіде елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 21:13 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 мамырда елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының батысында найзағай, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысында түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: