Мемлекет басшысы БАӘ, Кения және Эфиопияға жаңа елшілерді тағайындады

Фото: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш елдегі жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, келесідей тағайындаулар болды:

Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты