Аптаның соңына қарай саудада доллар бағамы көтерілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 23 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,84 теңгеге көтеріліп, 510,84 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,38 теңге деңгейінде қалды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,78 теңге (+0,25) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 511,7-514,5 теңге, еуро 580-585 теңге, рубль 6,29-6,41 теңге аралығында сатылуда.

23 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,7%-ға төмендеп, барреліне $63,99 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда алаңында шілде айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,75%-ға арзандап, барреліне 60,74 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 507,07 теңге, еуроны 572,53 теңге, рубльді 6,37 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды