Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Мәскеуде ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ресей Федерациясы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

13 жыл бұрын ол жалған құжатты пайдалану арқылы Қазақстандағы банктердің біріндегі жинақ шоттарынан ірі көлемде ақша қаражатын заңсыз жолмен алған.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сұранысы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан аумағына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта онымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды