Алматының екі ауданында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Осыған байланысты қаланың екі ауданында бірқатар көшенің кей жерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

31 мамырдан 20 шілдеге дейін Алмалы ауданында Бөгенбай батыр көшесінің Бруно көшесінен Аносов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің Сейфуллин даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі бөлігінде де екі бағытта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бұл көшелерде жолдың астынан өтетін магистральдық құбырларды қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі.

Аталған аудандарда биыл жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын, 1983-1985 жылдары пайдалануға берілген жылу желілері жаңартылады. Бұл 105 көпқабатты тұрғын үйді, 5 жеке үйді, 1 мектеп пен 3 өзге де нысанды қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

"Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және Яндекс карталар сервистерінде жарияланған. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз." "Алматы жылу желілері" ЖШС
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті