Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары Алматы мен Астана тұрғындарына маңызды ескертумен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның себебі – қолайсыз метеорологиялық жағдайлар.

"2025 жылғы 3 маусымда Алматыда, түнде Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде", – делінген сейсенбіде "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтар тарихтағы ең ыстық сәуірдің бірін бастан өткергенін хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды