Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатқан

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ПД) қызметкерлері жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл топ соңғы бірнеше жылдан бері белсенді жұмыс істеп, әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырылған.

"Бар деректерге сәйкес, бұл қылмыстық тізбек соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген. Қаскөйлердің негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді сатып алуға ниетті адамдарға заңсыз жолмен беруді ұйымдастыру болған", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті құжатталған. Ақша беру кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды.

"Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас эпизодтардың болуы мүмкіндігі тексерілуде.

"Бұл – бір реттік әрекет емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамды анықтау жұмыстары жалғасуда. Балаларға, әсіресе жаңа туған сәбилерге қатысты заңсыз әрекеттер – бұл ерекше қатыгез және ауыр қылмыс. Мұндай әрбір дерек заң аясында әділ бағасын алады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Куатбек Науатов.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды