Құрбан айт қарсаңында қойға деген сұраныс артып келеді: биылғы баға мен мал таңдаудың шарттары

Фото: primeminister.kz
Мұсылмандардың басты мейрамдарының бірі - Құрбан айт, биыл 6-8 маусым аралығында тойланады. Мерекеге орай, қой, ешкі, сиыр немесе түйе құрбандыққа шалынады. Олардың арасында ең танымалы - қой. Себебі қой бағасы қолжетімді, тасымалдау мен күтімі де жеңіл.

Мереке қарсаңында малға деген сұраныс күрт өседі, осыған байланысты Zakon.kz тілшісі әр аймақтағы бағаларды саралап, малды қалай дұрыс таңдау керек екендігін зерттеп көрді

Қойды қайдан сатып алуға болады?

Интернеттегі хабарландырулар сайттарында үй шаруашылықтары мен жеке сатушылардың ондаған ұсыныстары бар. Кейбір супермаркеттерде дайын қойдың етін жеткізу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, көптеген қазақстандықтар жергілікті базарларға жүгінеді.

Орташа есеппен, қойдың бағасы 35 мыңнан 80 мың теңге аралығында, бұл өткен жылғы бағамен шамалас. Биыл өңірлер арасында айтарлықтай баға айырмашылығы байқалмайды. Бағаға негізінен қойдың салмағы, жасы мен тұқымы әсер етеді. Қалалардағы орташа баға – 60-65 мың теңге шамасында. Кейбір сатушылар қойды 30 мың теңгеден бастап ұсынады.

Көптеген сатушылар құрбандық малы шариғат талабына сай сойылатынын, арнайы дұға оқылатынын және барлық діни шарттардың орындалатынын атап өтеді. Сонымен қатар, қосымша қызметтер де көрсетіледі: малдың терісін сыпыру, етті бөлшектеу және т.б. Тапсырыс берушілерге қойды үйге дейін жеткізу немесе өзі алып кету мүмкіндіктері де қарастырылған.

Қой сатып алғанда неге мән беру керек?

Құрбандыққа шалынатын мал шариғатқа сай болуы керек. Атап айтқанда, малдың сыртқы түрі таза, сергек, көзі ашық, жүні жұмсақ, тәбеті жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, ветеринарлық паспорты мен малдың денсаулығын растайтын құжаттары болуы қажет.

Егер бірінші рет қой алып жатсаңыз, тәжірибелі адамдардан кеңес алған немесе жақсы сатушылардан сатып алған жөн.

Жасына қатысты талаптар:

Қандай мал жарамсыз деп есептеледі?

Қаржылық жағы:

Бұған дейін ҚМДБ ұсынған Құрбан айт мерекесінде оқылатын намаздың уақыт кестесін берген болатынбыз.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
ҚМДБ
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты