Алматыда тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Фото: Zakon.kz
Шаһардың Алмалы ауданының полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір тәулік ішінде екі пәтерге заңсыз кіріп, зергерлік бұйымдар, гаджеттер және басқа да бағалы заттарды ұрлаған.

Қылмыстар бірнеше сағат аралығында және көршілес аулаларда жасалған.

"Күдіктінің жеке басы анықталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта екі ұрлық дерегі бойынша жеткілікті дәлелдеріміз бар. Сондай-ақ оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Аталған екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Полиция "Заң және тәртіп" қағидасы аясында әрбір қылмыстың жазасыз қалмайтынын еске салады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – басты басымдық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты