Биылғы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары жарияланды

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін, 2025 жылы 9 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 16 мамырында басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілді:

"Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек бірінші аптада көрсетті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы "Математика-Физика", 15%-ы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 477 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

"Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

ҰБТ-ны өткізудің үш аптасында 206 ереже бұзушылық анықталды:

2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Бұған дейін 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау қашан басталып, қашан аяқталатыны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты