ChatGPT бүкіл әлем бойынша істен шықты

Сурет: pexels
2025 жылғы 10 маусымда бүкіл әлемдегі қолданушылар OpenAI компаниясының ChatGPT қызметінде ақау бар екенін хабарлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Downdetector қызметінің мәліметінше, бұл ақау туралы хабарламалар күні бойы жаппай Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Норвегия, Польша, Франция, Нидерланд, Үндістан, Қазақстан, Ресей және басқа да елдерден түсіп жатыр.

Шағымдар әртүрлі: кейбіреулер қызметті мүлде аша алмай жатқанын айтса, басқалары сұраныстарға жауап келмейтінін немесе кейбір құралдар дұрыс жұмыс істемей жатқанын жазып жатыр.

Бұл ChatGPT қызметіндегі алғашқы ақау емес. Бірнеше ай бұрын OpenAI ChatGPT-дің сурет генерациялау мүмкіндіктерін жақсартатын жаңартуды шығарған кезде де, әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың жаппай ағылуы салдарынан платформа істен шыққан еді – адамдар жаппай ботқа сурет жасату үшін кірген. Ал соңғы ақау 2025 жылдың мамыр айының басында тіркелген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді