Ақсу ферроқорытпа зауытына миллиард теңге айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақсу ферроқорытпа зауыты атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары бойынша нормативтерді асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Экологтар мен табиғатты қорғау прокуратурасының тексеруі нәтижесінде айыппұл көлемі шамамен 855 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология департаментінің қызметкерлері Павлодар облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесе отырып, "Қазхром" ТҰҚ" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

"Қазхром ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты 2025 жылдың бірінші тоқсанында атмосфераға 663,67 тонна көлемінде ластаушы заттардың нормадан тыс шығарындыларын жүзеге асырды. Бұзушылық фактісі өндірістік экологиялық бақылау актілері мен салық декларацияларымен расталды", – деп хабарлады облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл шамамен 855 миллион теңгені құрап, мемлекет пайдасына толығымен өндірілді.

Бұған дейін Өскемен титан-магний комбинатында (ҰК ТМК) өнеркәсіптік кәсіпорында да экологиялық өрескел бұзушылықтар тіркелгені туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ кәсіпорынға 24 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін Zakon.kz парниктік газдар шығарындылары мен сіңірілуін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, ашықтығын және сенімділігін бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы хабарлаған болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды