Алматыда полицейлер қалта ұрысын бейнежазба көмегімен әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше рет қалта ұрлығымен айналысқан азаматты ұстады.

Тергеудің мәліметінше, ұсталған азаматтың қала тұрғындарының бірінің әмиянын ұрлауға қатысы бар.

Оның заңсыз әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.

"Алматыда қалта ұрыларын анықтау және ұстау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылы және техникалық құралдарды қолданудың арқасында азаматтардың мүлкіне қол сұққан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады", – деді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын адам көп жиналатын жерлерде абай болуға, жеке заттарын бақылауда ұстауға және кез келген күдікті жағдайларда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс