Қуандық Бишімбаевқа колониядан жұмыс табылды ма

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 18 маусымында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс алаңында Қуандық Бишімбаевтың колонияда ұстау жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол Қуандық Бишімбаев отырған колонияның мекенжайы мен орнын айтудан бас тартты, бірақ жазасын шынымен өтеп жатқанына сендірді.

Журналистер оның түрмеде қандай жұмыс істейтінін де сұрады.

"Қандай? Тәртіп бойынша. Ол колонияда. Жұмыс істемейді. Ішкі тәртіп бойынша тұрады. Кезекші бола алады, бөлме жинай алады", – деп қосты Ержан Сәденов.

Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалуы мүмкін бе деген бұған дейін хабарланған болатын.

2024 жылы 13 мамырда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты