Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі бес күнге жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жол жабынының жоғарғы қабатының ауыстырылуына байланысты жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік даңғылының Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

"Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін құзырлы мекеме елордада "Хан шатыры" артындағы жолға байланысты ескерту жариялаған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді