Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, 2025 жылғы 23-25 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

23 маусым: аспан бұлтты, күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +19...+21°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +21...+23°С.

25 маусым: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°, күндіз: +22...+24°.

Алматы

23 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +32...+ 34°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +34...+36°С.

25 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +34...+36°С.

Шымкент

23 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +35...+ 37°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +37...+39°С.

25 маусым: аспан бұлтты, түстен кейін аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, күндіз кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +22...+24°С, күндіз: +36...+38°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 23 маусымда еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды