ҚМА бір топ адамның 100 миллион теңгені жымқыруына тосқауыл қойды

Фото: Zakon.kz
ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады.

Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі "VAPE SHOP MAXI MALL" арнасы арқылы сатылып, курьерлік жеткізу арқылы жіберіліп отырған.

"Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді." ҚМА баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.

Ерекше назар аударатын жайт — бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

2025 жылдың басынан бері Агенттікпен вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді, 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды.

Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, өйткені олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты