Қызылордада ұландықтар өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Фото: Zakon.kz
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері батылдық танытып, өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды.

Оқиға Сырдария өзенінің жағасында кешкі уақытта болған. Ер адам жағада келе жатып аяғы тайып, суға құлап түсті. Алайда ағыстың күші оның жағаға шығуына жол бермеген.

Осы уақытта 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай сол маңда болған. Олар ер адамның көмек сұрап айқайлағанын естіп, дереу көмекке келеді.

"Біз жағада келе жатқанда "Құтқарыңдар!" деген дауысты естіп, оқиға орнына жүгіріп бардық. Өзен ағынымен кетіп бара жатқан ер адамды көрдік. Тұншығып, тырмысып жатыр екен. Мұрат дереу арқанға жүгірді, соның көмегімен ер адамды судан шығардық", — дейді кіші сержант Жамбыл Таңсықбай.

Құтқарылған азамат ұландықтарға ризашылығын білдіріп, кәсіби дайындықтарын ерекше атап өтті. Бұл жағдай Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кез келген төтенше жағдайда көмекке келуге әрқашан дайын екендігінің айқын дәлелі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін