Ақмолалық екі жыл бойы жетімдерге берілетін пәтерде тұрып келген

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқығын қорғады, деп хабаралайды Zakon.kz.

Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар екенін еске салды.

"Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді. Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау және т. б. мәселелер бойынша шаралар қабылданды",- делінген ақпаратта.

Мәселен, облыс орталығында жетім бала өтінім беру кезінде ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартылды. Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жастағы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған.

"Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды".Ақмола облысы прокуратурасы

Бұған дейін Астанада 20 автобус бағытын өзгерткендігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды