Астанада 20 автобус бағытын өзгертті

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 13:26 Фото: Zakon.kz
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары үнемі өзгеріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"City Transportation Systems" ЖШС мәліметінше, бұл жолы елордада 20 бағытқа уақытша өзгерістер енгізілген.

Атап айтқанда, №7, 56, 61, 63 бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді.

Сонымен қатар, "Қазақ технология және бизнес университеті" аялдамасына баратын жол уақытша жабылғаны белгілі болды.

"Осыған байланысты №7, 17, 42, 44, 45, 49, 62 бағыттағы автобустар бұл аялдамада жолаушыларды мінгізу және түсіру жұмыстарын уақытша тоқтатады", – деп хабарлады CTS.

Мұнымен қоса, №17, 44, 45, 61, 62 бағыттарда да қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді.

Сондай-ақ, №304, 322, 2, 56, 71, 6, 16, 37, 39, 42, 503 бағыттарындағы автобустардың қозғалысына да түзетулер енгізілді.

Қоғамдық көлік қозғалысының жаңартылған сызбаларын мына жерден көруге болады.

Бұған дейін төтеншеліктердің суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: