Синоптиктер Алматы, Ақтөбе және Астана тұрғындарына ескерту жасап отыр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы, Ақтөбе және Астана тұрғындарына «Қазгидромет» РМК мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.

"2025 жылдың 1 шілдесінде Алматыда, Ақтөбеде, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін