Қарағанды облысының ауылдарында жас дәрігерлерді жұмысқа қабылдап, оларға жағдай жасалады

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағанды облысында Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы орындалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, ауылдық жерлерде 92 медициналық нысан: дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынуда. Олардың 51-і қайтарылған активтерге – қаражат арнайы мемлекеттік қордан бөлінген. Кадрларға қатысты да мәселе шешілуде.

"Онда кім жұмыс істейді деген сұрақтар келіп түсуде. Біз кадрлық қолдауды күшейткенімізді еске салғым келеді. Дәрігерлердің көтерме ақысы 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, енді бұл тәжірибе тек ауылдарға ғана емес, қалаларға да тарайтын болады. Өткен жылы 62 дәрігер тартылды, биыл тағы 70-ін күтудеміз", – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін электрондық форматтағы ҰБТ өткізу мерзімдері белгіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін