Биыл Жамбыл облысында есірткі жарнамасы бар 225-тен астам граффити өшірілді

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Жамбыл облысында 249 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 дерекке жоғары.

Оның ішінде 115 қылмыс, 134 – қылмыстық теріс қылық бар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 тонна 882 келі түрлі есірткі заты тәркіленді. Бұл – өткен жылдағы көрсеткіштен жоғары. Облыс аумағынан басқа өңірлерге есірткі заттарын тасымалдайтын 11 арнаның жолы кесілді.

150 келіден астам кептірілген марихуана, 130 келі гашиш тәркіленді, 12 адам ұсталды. Жыл басынан бері синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымымен айналысқан 14 адам ұсталып, олардан 10 келіден астам синтетикалық есірткі, 2 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді.

Сонымен қатар 1 есірткі зертханасы анықталды.

Синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді:

Қарастырып отырған кезеңде оқу орындарында және жастар көп жиналатын орындарда 506 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараларға 45 500 оқушы қатысты. 1 маусым мен 30 қазан аралығында Жамбыл облысы аумағында "Қарасора – 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Операцияның алғашқы бір айында полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жүргізген рейдтер нәтижесінде 1200 тоннадан астам жабайы өскен қарасора жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды