Астана, Алматы және Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 14-16 шілде аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +21...+23°С.

15 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +22...+24°С.

16 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +14...+16°С, күндіз: + 29...+ 31°С.

Алматы

14 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +32...+34°С.

15 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  3-8 м/с, кей тұста 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +33...+35°С.

16 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +30...+32°С.

Шымкент

14 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +37...+39°С.

15 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +22...+24°С, күндіз: +35...+37°С.

16 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +22...+24°С, күндіз: +37...+39°С.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады