Астанада түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті әшкереленді

Фото: Zakon.kz
14 шілдеде Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде тыйым салынған заттарды ішке кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

Бұл жедел ақпаратты іске асыру барысында мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде мүмкін болды.

Құрылыс материалдарын жеткізіп жатқан мердігер ұйымдардың біріне тиесілі автокөлікке тексеру жүргізу кезінде бояу құйылған герметикалық банкілердің ішінен полиэтиленмен оралған телефондар, SIM-карталар, қуаттағыш құрылғылар мен құлаққаптар табылып, тәркіленді.

Бұл заттар сырт көзге байқалмайтындай етіп мұқият жасырылған. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Материалдар құқық қорғау органдарына және прокуратураға жолданды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты кімге арналғаны анықталып жатыр.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары И.Ахмедовтың айтуынша, департамент тарапынан түзеу мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру, тыйым салынған заттардың жеткізілу жолдарын анықтау және режим талаптарының орындалуын бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады