Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды.

Жаңа тағайындау туралы 2025 жылдың 16 шілдесінде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.

Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді