Алматыда Серкебаев даңғылының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Фото: Zakon.kz
Серкебаев даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.


17 шілде сағат 08:00-ден 18 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

18 шілде сағат 08:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған тақталар қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу жөніндегі барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты