Алматы қаласының Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Нұрбақыт Серікбай тағайындалды.

Ол Алматы Энергетика және байланыс университетін "жылу энергетикасы" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Жылу энергетикасы" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2018 жылы қараша айында Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2022 жылы тамыз айында Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылған.

2023 жылы 22 тамыздан бастап Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты