Өзбекстанда санитарлық бақылау күшейді

Фото: freepik
Өзбекстан көрші елдерде сібір жарасы індетінің таралуына байланысты шекарада санитарлық бақылауды күшейтті.

Яғни, Қазақстан мен Тәжікстанда анықталған жағдайларға байланысты ел билігі қатаң шаралар қабылдауға көшкен.

Бұл туралы Сан-эпид қадағалау комитеті мәлімдеді. Ет және ет өнімдерін міндетті түрде зертханалық тексеруден өткізу жайы назарға алынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Көшеде немесе жайма базарда ет сатуға тыйым салынды. Тұрғындарға бұл туралы хабарлама таратылып жатыр.

Елдің шекаралық аймақтарындағы 55 бақылау-өткізу пунктінде тексеру шаралары қатаңдатылды.

Ал аптап ыстыққа орай жұқпалы ішек ауруларының көптеп таралуы да мамандарды алаңдатып отыр. Жыл басынан бері 23 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Бұл дертті жұқтырудың ең жоғарғы көрсеткіші Ташкент қаласында, Сырдария облысы мен Қарақалпақстан Республикасында тіркелді. Әсіресе жас балалар арасында жиі кездеседі. Соның ішінде 3 жасқа дейінгі 7678 сәби сырқатқа шалдыққан. Мафтуна Саидова, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ақпарат қызметінің басшысы
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі