Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздары темір торға есірткі өткізу әрекетіне тосқауыл қойды.

Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған. Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы Зара қызметтік иті күдікті иісті сезген.

Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар аяқ киімді нұсқап, нақты белгі береді. Әскери қызметшілер болған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұландық жауынгерлердің кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды.

Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді