Қызылордада жыл басынан 70-ке жуық сотталған азамат заңды некеге отырды

Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтардың заңды некеге тұру көрсеткіші артып келеді. Бұл – сотталған азаматтардың құқықтарының сақталуына, олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған оң өзгерістердің бірі.

Жыл басынан бері облыс бойынша 70-ке жуық сотталған азамат ресми түрде неке қиып, отбасын құру мүмкіндігіне ие болды. Жуырда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде қамаудағы азамат өз таңдаған жарымен заңды түрде некеге тұрды.

Некені тіркеу рәсімі Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" заңына сәйкес жүргізілді. Мекеме тарапынан барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Заң талаптарына сай неке тіркеліп, ерлі-зайыптыларға арнайы неке куәлігі табысталды.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – сотталған азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау. Олардың ішінде отбасын құру, жеке өмірге араласу құқықтары да бар. Заңнама бұл құқықтарды шектемейді, керісінше, отбасын құру арқылы сотталған азаматтардың түзелуіне, қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасалады. Мұндай жағдайлар олардың моральдық-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті арттырады", – дейді мекеме заңгері Гүлмира Қарашаева.

Сүйіктіммен заңды некеге тұрғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен қолдау мен сенімнің белгісі. Мұны жаңа өмір бастауға берілген мүмкіндік ретінде қабылдаймын. Ендігі мақсатым – қоғамға оралып, отбасымның сенімін ақтау, өткен қателіктерімді қайталамау. Мойныма жүктелген жауапкершілік маған көп нәрсені ұғындырды, – дейді қамаудағы азамат. Мұндай бастамалар сотталған азаматтардың түзелуіне, қоғамға бейімделуіне, сондай-ақ жазасын өтеп шыққаннан кейін әлеуметтік байланыстарын сақтап қалуына оң ықпал етеді.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды