Қостанайдың орталығындағы жанжал видеоға түсіп қалды

Сурет: видео скрині
Қостанай тұрғындары қаланың орталығында болған жанжалды видеоға түсіріп алған. Полиция бұл видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 21 шілде күні кешке сауда-ойын-сауық орталығы "ЦУМ" маңында болған.

"Төрт жас азамат спирттік ішімдік ішіп отырған. Полиция ескерту жасаған кезде олардың екеуі агрессивті түрде жауап беріп, қарсылық көрсеткен.Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеттерінде күш қолдану арқылы жасалған бұзақылықтың белгілері бар (ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі)", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. 

Сонымен қатар төртеуіне де полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті