Алматыда полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желілерде бірнеше көлік жүргізушісі тарапынан жол жүру ережелерінің өрескел бұзылғаны түсірілген бейнежазба тарады.

Кадрларда қарама-қарсы жолақпен жүру, артқа қозғалу, агрессивті жүргізу және басқа да қауіпті маневрлер жасалған.

Аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметімен тексеру жүргізіліп, жүргізушілер анықталды. Барлық көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, автокөлікті артқа қарай жүргізген жүргізушілердің бірі сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев жол ережесін елемеу ауыр салдарға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

"Жол — бейқамдықты кешірмейді, ал жол жүру ережелерін әдейі елемеу жазасыз қалмайды. Жолдағы қауіпсіздік — барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Әрбір жүргізуші тәуекелге толы маневрлер біреудің өмірін жалмауы мүмкін екенін есте ұстауы қажет", – деді, Серік Шумаев.

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда басқа қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді