ШҚО-да тыйым салынған аймақта балық аулаған 5 күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Бұқтырма су қоймасы жағалауында балық ресурстарын аса ірі мөлшерде заңсыз аулау фактісін анықтады.

Оқиға орнында бес күдікті ұсталып, полицейлер қайықтар, автокөліктер және балық тасымалдауға арналған тіркемелерді тәркіледі.

Заң бұзушылар жалпы салмағы 733 келі болатын әртүрлі балықты ұстаған, атап айтқанда: сазан, шортан, көксерке, қаракөз және табан.

Келтірілген шығын мөлшері шамамен 5 миллион теңге деп бағалануда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады.

Полиция "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша әрекет ете отырып, азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады және балықты заңсыз аулау әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды