Әлназарова дәрігерлер қызметінің құны қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Фото: freepik
2025 жылғы 24 шілдеде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қабылдануы аясында дәрі-дәрмек құнының болжамын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа Салық кодексінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚҚС-дан толық босату көзделгенін еске салды.

"Бұл бірінші орындай алдық. Екіншісі – бірте-бірте ұлғайту: 5-тен 10 пайызға дейін. Яғни, екі жыл ішінде бірте-бірте. Үшіншіден, бұл көтерме және бөлшек сауда сегментінде сатылатын, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын өмірлік маңызы бар дәрілік заттарды ҚҚС-дан толық босату. Қазір бұл жұмыстарды атқарып жатырмыз және осы тізімді жасап жатырмыз", – деп қосты Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, министрлік тиісті есептеулерді жүргізген.

"ҚҚС-тың бұл шарттары бойынша тиімді салық мөлшерлемесі шамамен 2-3% шамасында болады. Сіз қойып отырған мәселе, медициналық қызмет көрсету көлемін қаншалықты арттыруға болады – біз ол 5%-ға дейін болады деп айтамыз", – деп түйіндеді сөзін Ақмарал Әлназарова.

2025 жылдың 23 шілдесінде олар Қазақстандағы емханалардағы қабылдау сағаттарын көбейткісі келетіні хабарланды. Бұл науқасты мұқият тексеруге, тиімдірек ем тағайындауға және жоғары сапалы динамикалық бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді