"Жаңбыр жауады". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Синоптиктер Алматы қаласы бойынша шілде айының соңғы аптасына арналған ауа райының алдын-ала болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, жұмыс аптасының басында оңтүстік астанада ауа райы өте ыстық болады.

"Күндізгі ауа температурасы +36...+38°C аралығында болады. Түнде де сынап бағаны қатты төмендей қоймайды: +23...+25°C дейін, бұл түнгі салқынды жақсы көретіндер үшін қолайсыздық тудырады", – дейді маман.

Сонымен қатар синоптик аптаның ортасы өзгеріс басталатын белгілерді байқайтатынын айтады: солтүстік-батыстан салқын ауа массасы аймаққа ене бастайды.

"Бұлттар көбейіп, аздап жауын-шашын мен найзағайдың болуы мүмкін, әсіресе таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда. Аптаның соңына қарай ыстықтың беті біртіндеп қайта бастайды. Күндізгі температура +31...+33°C , түнгі температура +20...+22°C аралығында болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін", - деді Гүлтаңсық Медеуова.

2025 жылғы 26 шілде мен 1 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы 

Бұған дейін синоптиктер еліміздегі ірі үш қала бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі