Астанада Сейфуллин көшесі мен Қорғалжың тас жолы ішінара жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада Қорғалжын тас жолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың ортасында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы дәл осындай жұмыстар Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізілетінін де нақтылайды.

"Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тас жолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сол секілді Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі:

"Осыған байланысты 26 маусым - 6 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады".

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады