Астанада 50 көше жөнделеді

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалада жоспарланып отырған абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Биыл шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Сонымен қатар қала аумағын абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл тағы 1 миллионнан астам жасыл желек (көшет, бұта, ағаш және т.б.) отырғызу жоспарланған", деп жазды әкім.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, жол жөндеу және салу жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Биыл шамамен 12,5 шақырым жаңа жол салынып, жалпы ұзындығы 58 шақырым болатын 50-ге жуық көше жөнделеді. Бұл жол сапасын арттырып, көлік желісіне түсетін жүктемені азайтуға және қозғалыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жол жұмысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр.

Негізгі нысандардың бірі:

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бүгінгі жағдай бойынша жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 32 көшеде жөндеу жұмысы толық аяқталды. Қазіргі уақытта ұзындығы 12,5 шақырым болатын тағы 9 көшеде жөндеу-құрылыс жұмысы белсенді жүріп жатыр", деп атап өтті әкім.

Қазіргі таңда жөндеу жұмысы жүргізілген көшелер:

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада үш аялдаманың атауы өзгергенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі