Қостанайда 25 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Фото: unsplash
"Қорғау" интеллектуалды жүйесінің көмегімен полицейлер жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзып, айналадағыларға қауіп төндірген Қостанай ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол шетелдік тіркеудегі BMW автокөлігін басқарған.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің атына 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның 24-і – жылдамдықты арттыру дерегі.

Олар автоматты тіркеу құралдары арқылы анықталған.

Жиі жасалған бұзушылықтар мен жол ережелеріне немқұрайлы қарау өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.

Төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерге жол ережелерін және жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады