ШҚО-да ірі көлемде есірткі тәркіленді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер есірткі жеткізу арнасын анықтады.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында өңірдің 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол ірі көлемдегі есірткіні басқа қаладан жеткізгені белгілі болды. Оның үйін тінту кезінде сараптама нәтижесіне сәйкес жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді.

Анықталғандай, "тауар" әрі қарай байланыссыз жолмен сатуға арналған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты