Алматыда есірткіні жарнамалаған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы Түрксіб ауданының полицейлері қала аумағындағы түрлі нысандарға тыйым салынған заттарға қатысты жарнама жазбаларын жазған 26 жастағы ер адамды ұстады.

Ол тұрғын үйлердің қабырғаларына, қоршауларға және басқа да көрінетін жерлерге есірткі жарнамаларын салған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 жастағы азамат бұл әрекеттерді интернет арқылы тапсырыспен жасаған және алдын ала деректерге сәйкес, әр жазба үшін ақы алып отырған. Оны жергілікті полиция қызметкерлері вандализм әрекетін іске асырып жатқан кезде ұстады.

"Ұсталған азаматтан бояуы бар баллондар, трафареттер мен заңсыз әрекетін растайтын хат алмасулары бар телефон тәркіленді. Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап нақты бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Іс материалдары сотқа жолданатын болады", – деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Дәулет Сейтқұлов.

Полиция мұндай әрекеттердің қызығушылық не болмаса көше граффитиге жатпайтынын ерекше атап өтті.

"Есірткі жарнамаларын жазу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін әр азамат түсінуі керек. Бұл жай ғана қабырғадағы сурет емес, бұл – тыйым салынған заттардың таралуына көмектесу, яғни Заң алдында жауап беруге тура келеді. Біз мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз және тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Егер сіз осындай деректердің куәсі болсаңыз, дереу полицияға хабар беріңіз. Қаламызды есірткі қауіпінен тек бірлескен күшпен ғана қорғай аламыз", – деді, Дәулет Сейтқұлов.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды