Алматыда Марков көшесі үш күнге жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында Марков көшесінің бір бөлігінде 4 тамызға дейін қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде Алматының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында 1983 жылы пайдалануға берілген ұзындығы 1,5 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылып жатыр.

Осыған байланысты, 2025 жылы 1 тамыз сағат 11:00 бастап 4 тамыз сағат 07:00 дейін Марков көшесі мен Бұқар Жырау бульварының қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Көрсетілген көшенің астымен өтетін магистральдық құбырды жаңартуға қатысты жоспарлы жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеу енгізіледі. Жаңарту жұмыстарын жүргізу кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Аталған жылу желісі 128 көппәтерлі үйдің тұрғынын, 25 жеке тұрғын үй, 2 балабақша, 1 мектеп, 1 денсаулық сақтау және басқа да 65 нысан үшін жылу қуатын беріп, ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді.


"Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі