Қазақстандағы ақылы жолдарда не себепті жаппай апаттар болып жатыр

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 31 шілдеде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев республикалық маңызы бар жолдардағы жаппай апаттардың себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер ақылы жолдардағы жаппай оқыс оқиғаларды жөндеудің нашарлығымен байланысты ма деп сұрады.

"Астана-Щучинск жолын айтатын болсақ, 3 қаңтар күні сағат 11:30-да болған жол апаты.Ол жерде 97-ге жуық көлік зақымданған. Аталған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері жүріп жатыр, кінәлілер әлі анықталған жоқ, процесс жүріп жатыр. Көлік жүргізу кезінде кейбір жол қозғалысына қатысушылар жылдамдықты шектен асырып жібергені туралы камераға жазылып қалған", – деді Дархан Иманашев.

Оның айтуынша, Алматы-Қонаев тас жолында болған апаттан 17-ге жуық көлік зардап шеккен.

"Көлік қозғалысы шектеліп, көріну шектелді: ол кезде тұман болды, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың жылдамдықты шектен асырып кету жағдайлары да болды. Сол себепті қазір процесс жалғасуда", – деп қосты ол.

2025 жылдың 17 шілдесінде Ақмола облысындағы тас жолда жан түршігерлік апат үш адамның өмірін қиды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі