Бейнебақылау – басты көмекші: Жетісуда 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарының орындалуын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Оперативті басқару орталығының және бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері арқасында жыл басынан бері 11 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 283 азамат жауапкершілікке тартылды. Сондай оқиғалардың бірі – қоғамдық орында ер адамның қоқыс тастап, еш қымсынбастан дәрет сындыруы.

Мұндай әрекеттер қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келіп қана қоймай, қоршаған ортаға және өзгелерге деген құрметсіздікті білдіреді.

Полиция қызметкерлері қоршаған ортаға және қоғамдық орындарға құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Тазалық пен тәртіп тек қоғам мүшелерінің саналы әрекеті арқылы ғана қамтамасыз етіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз