Атырау облысында түйелердің қандай індетке шалдыққаны әлі белгісіз

Сурет: pixabay
Атырау облысы Исатай ауданында түйелер белгісіз індетке шалдыққан. Шаруалар бұл дерт төрт-түліктің бәріне жұға ма деп алаңдаулы. Осыдан бір ай бұрын көршілес жатқан Құрманғазы ауданында 200-ден аса ойсылқара тұқымы ауырып, оның 84-і сеспей қатқан еді.

Мал індеті Дыңғызыл, Мақаш, Еңбекші және Нұржау ауылдарында тіркелді. Мамандар сол кезде дереу сынама алған. Бірақ сараптамадан ешқандай ауру анықталмады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан әлі күнге дейін нақты диагнозы бегісіз. Мамандар әлі зерттеп жатыр. Тіпті министрліктен ғалымдар да тартылған. Осыған ұқсас жағдай осыдан 3 күн бұрын Исатай ауданына қарасты Арқар ауылында тіркелді.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түйе құтырып, жерге құлағанын анық көруге болады. Қазір мамандар малды оқшаулап, бақылауға алған.

Жергілікті ветеринарлар індеттің себебін анықтауға тырысып жатыр. Түйелерді жәндіктердің шағуы мүмкін немесе паразиттік инфекциялар, не болмаса малдың улануы да ғажап емес. Әзірге бұл мамандардың болжамы ғана.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды