Бюджеттің атқарылуы туралы есептерді жасаудың жаңа қағидалары бекітілді

Фото: pexels
Үкіметтің 2025 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсынудың жаңа қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепте есептi қаржы жылы iшiнде жүзеге асырылған республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын қаржыландыру бойынша барлық операциялар көрсетiледi.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, нақтыланған бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.

Нақтыланған бюджет Үкімет қаулылары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруін ескереді.

Есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдері немесе төленген міндеттемелер сомаларының ауытқуы, пайыздық арақатынасы тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепте көрсетілетін нақтыланған бюджетке есептеледі.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке мыналар кіреді:

Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады