Жетісуда полицейлер үйінде фитозертхана ұйымдастырған тұрғынды құрықтады

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында "Қарасора-2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі тарату арнасын әшкерелеп, оның жолын кесті.

Операция барысында жедел бақылау ұйымдастырылып, ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған zip-пакеттер жасырылған екі снек қаптамасы сатып алынды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген зат — жалпы салмағы 2,5 грамм болатын марихуана болып шықты. Күдіктінің — 36 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны екені анықталғаннан кейін, оның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді.

Нәтижесінде мынандай заттар табылып, тәркіленді:

Сараптама нәтижелері бойынша алынған өсімдіктердің 18 грамы — кептірілмеген қарасора, ал 34 грамы — кептірілген марихуана екені анықталды.

Сонымен қатар материалдардан каннабис тектес өзге де есірткі заттары тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің үйінде есірткі құрамындағы өсімдіктерді өсіруге арналған арнайы фитозертхана ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Онда тыңайтқыштар мен жарықтандыру құралдары қолданылған. Өсіру нәтижесінде алынған өнім азық-түлік қаптамаларына жасырыла отырып, тұтынушыларға өткізілген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе сату — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр қылмыс болып саналады.

Мұндай әрекеттер үшін мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске саламыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді