Елордалық тұрғынның көлігін эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен

Фото: unsplash
Самал базарының жанындағы жол жиегінде иесі қараусыз қалдырған BMW-325 автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Көліктің істен шыққанын айтып, оны жоғалтып алғанын хабарлаған қала тұрғыны полицияға арызданды.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталды.

Күдікті полицияға жеткізіліп, кінәсін мойындады. Ол біраз уақыт көлікті сырттай бақылап жүргенін және иесі жоқ деп ойлағанын айтқан.

Тергеу барысында ер адамның эвакуатор жүргізушісімен келісіп, оған көлікті ұрлап жатқанын айтпай, темір тұлпарды өз үйіне апарып қойғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Полиция автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюды және ұрлық пен айдап кетудің алдын алу мақсатында дабылқаққыш жүйесін орнатуды ұсынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді